ЖШС «Жазәлемі» балабақшасы Түркістан облысы,Сарыағаш ауданы,Жібек жолы а/о,Дихан баба ауылы,Абай көшесі №1 үйде орналасқан. Корпустарда топтың бөлмелері, ойын бөлмесі, жатын бөлме, қабылдау бөлмесі, дәретхана, ас бөлмесі, меңгеруші,медициналық; емшара кабинеті, оқшаулау (изолятор), қабылдау бөлмесі,асхана; дайындау цехы, тарату бөлмесі, ас үй ыдыстарын жуу бөлмесі, салқындату камерасы, құрғақ азық-түлік қоймасы,кір жуатын бөлме бар. Бөлмелер заманауи талаптарға сай жабдықталған. Балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыруға толық мүмкіндік жасалған. Әр топқа сай алаң бар. Ойын алаңы безендірілген және қажетті ойын құралдарымен жабдықталған. Қимылды ойындардың өтілуіне сай мүмкіндіктер жасалынған. Бөбекжай балабақша айналасы көгалдандырылған және қоршалған.
Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
Мекен-жайы: Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы а/о,Дихан баба ауылы,Абай көшесі, №1 үй
Балабақша қуаттылығы – 160 орын
Байланыс телефоны: +7778-415-38—25,
Біздің әлеуметтік желі: Инстаграмм : https://www.instagram.com/jazalemi/
Бөбекжай балабақшасының құрылтайшысы:Тастанов Ерназар Суйнбаевич
Бөбекжай балабақшасының меңгерушісі: Ибикеева Айна Бекайдаровна
Ашылған жылы: 2012жыл 28 мамыр «Жазәлемі» бөбекжай балабақшасы»
Fимараттың типтік сипаттамасы: 2 қабатты 2 ғимаратта орналасқан
Жобалық қуаттылығы: 160
Мемлекеттік тапсырыспен қамтылған бала саны: 160
Жұмыс уақыты: 5 күндік, сағат 8:00-18:30-ге дейін
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі
Балаларды тәрбиелеу және оқыту: қазақ тілінде
Жалпы топ саны: 7
Кіші тобы (2жастағы балалар) -2
Ортаңғы топтары(3жастағы балалар)-3
Ересек топтары (4 жастағы балалар) -1
Мектепалды даярлық топтары (5 жастағы балалар) -1